Құранға тіл тигізген әйел өкінетінін айтты (ВИДЕО)

0
73

Құранға тіл тигізген әйел өкінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг кезінде келіншектің мас күйінде Құранды балағаттап жатқан видеосы әшкере болды. Ер адам кадр сыртында онымен қосылып  әзілдескен.

«Тексеру іс-шаралары барысында түсірілімнің қатысушылары анықталды. Бұл – бұрын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1998 жылы туған Т. есімді азаматша, сондай-ақ, 1996 жылы туған Л. есімді азамат. Олардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 490-бабы 2-бөлімі (Сенушілердің сезімін қорлау) бойынша квалификацияланған. Өндірістік материал шешім қабылдау үшін қалалық Дін істері басқармасына жіберілетін болады, – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.

Сонымен қатар, құқық бұзушы өкінетінін айтып, Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

«Кішігірім отырыс болды, біз алкогольдік ішімдіктерді іштік. Мен ішімдікке мас күйімде ойланбай әрекет жасадым. Қасиетті Құран кітабын қолыма алып, парақшама видео түсірдім. Мен өз кінәмді білемін. Мен бүкіл жамағаттан, әсіресе мүмін мұсылмандардан кешірім сұрағым келеді. Мен сіздердің діндеріңізді қатты құрметтеймін. Бұл енді ешқашан қайталанбайды. Шын жүректен кешірім сұраймын, – деді, Т. есімді азаматша.