«Қалаулымдық» Камилаға сүйіктісі ұсыныс жасады (видео)

0

 

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Камила Әділханға сүйіктісі ұсыныс жасады. Мағжан есімді кәсіпкер жігіт Камилаға 15 сәуір — ғашықтар күнінде сезімін білдірді, деп жазады Stan.kz.

"Қалаулымның" танымал қатысушысына сүйіктісі ұсыныс жасады (видео)

«Не жазарымды білмеймін! Иә дедім! Маxаббат күні құтты болсын! Кішкене өз-өзіме келіп алайын сосын қалай болғанын жазамын», — деп қуанышты күннің естелігімен бөлісті Камила желідегі парақшасында.

Көпшілік болашақ жарын шоудан іздеген Камиланы жарыса құттықтауда. Оқырмандар соңғы кездері Мағжан мен Камиланы бірге жиі көріп жүргендерін, сондай-ақ, жігіт пен қыздың арасында достық болмайтынын атап өткен. Оған Камиланың берер жауабы дайын.

«Осы жолы Алла қаласа бәрі жақсы болатынына сенемін. Ерекшесі Мағжан екеуміздің арамызда үлкен достыққа ұласқан сезім бар және сол сезім осындай іс әрекетке алып келді! Бірақ ол қыз бен ұлдың арасында достық болмайды деген сөз емес! Мағжан досым (кей кезде ағалық, әкелік қамқорлықты сеземін), мен үшін ерекше жан болды, себебі әрдайым жанымнан табылады (өздеріңіз де білесіздер), қолдайды! Ал енді қазір 100% менің жанымда екеніне сенімділік пайда болды! Қатты қуанамын өмірімде осындай жанды жолықтырғаныма, шынайы менімен қуанып, қолдайтын! Кейінірек қалай болғанын жазамын», — дейді Камила.

Мағжан есімді кәсіпкер жігіт Камилаға ғашықтар күнінде сезімін білдірді

stan.kz


Тегтер:Қалаулым