Құны 800 мың теңгелік «алтын» унитаз астаналық тұрғынның ашуына тиді — новости Казахстана
Елордалық дүкендерінің бірінде алтынмен қапталған әжетхана жиһазы 800 мың теңгеге бағаланған. Тым қымбат тұратын элиталық унитаз бен қол жуғыш қала тұрғынының ашуын келтірген деп жазады NUR.KZ.
Аса қымбат бағаға саудаланып жатқан cантехниканың суретін ер адам редакциямызға жіберді.
«Бір күні сантехника дүкенінің маңынан өтіп бара жатып, көзіме жарқырап тұрған жиһаз түсті. Қарасам, алтынмен қапталған унитаз бен қол жуғыш екен. Бағасы — 800 мың теңге. Кім үшін жасалған жиһаз бұл сонда?
Доллар мен тауар бағасы шарықтап, 7-20-25 бағдарламасы бойынша біз алғашқы төлемді жинақтай алмай жатқан кезімізде біреу өзіне алтын жиһазды оңайшылықпен алып жатыр» , — деді ер адам.
Оған қоса, азамат жиһаздың алтыннан жасалғанын білу мақсатында дүкенге кіріп шыққан.
Сантехника қарапайым керамикадан жасалған қытайлық өнім болып шыққан. Ол бар болғаны алтын түспен жалатылған.
Астана тұрғыны басқа дүкендерде унитазды 20-25 мың-ға, ал қымбатын 50-60 мың теңгеге сатып алуға болатынын айтады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар