«Құны 60 миллион теңге» Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне ерекше сыйлық дайындады
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күнін дүркіретіп атап өтті. Әншінің бірінші некесінен туған ұлы Салтай жеті жасқа толғанын жеке парақшасында айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінде әнші екі баланың анасы. Қызы Айару екінші некесінен туған.
“40 қонақ, көптеген сыйлық. 5 сағаттық шоу-бағдарлама және менен құны 60 миллион теңгелік сыйлық”, – деп жазды әнші. Алайда не сыйлық екенін жария етпеді.
“Менің екі қанатым бар, шүкір!
Өмірімнің шам шырағы – Салтай!
Дүниемнің жарығы – Айару!
Алланың қалауымен, маған әлсірегенде күш беретін, жабырқағанда көңілімді көтеретін, мен құлағанда тік тұрғызатын, құлазығанда дем сыйлайтын қос қанатым — екі балапаным! Сендер үшін қолымнан келгенін бәрін жасаймын!”, – деп жазды әнші жеке парақшасына.
Айта кетейік, әнші оқырмандарына ұлының әкесін сөгетіндерге де жауап берген.
“Осы орайда айта кетейін, баламды салған сайын әкесін сөгіп жататындар аз емес. Иә, ол бізден бас тартты. 5 айлық баламен біраз қиындық көріп, көз жасым көл көсір болғаны рас. Уақыт емші демекші, қазір бәрі Алланың қалауымен орнығып, ол сынақтан сынбай өткеніме сіздер куәсіздер. Бәрін бір Аллаға тапсырдым. Енді, баламның әкесі араға 5 жыл салып, тұрақты түрде пайда болды. Көрісіп, араласып жатыр деп айта алмаймын, десе де, ақшалай баламның бүкіл шығынын мойнына алуда. Осыған да шүкір дейміз. Әжептәуір білінеді екен қалтаға. Алла қаласа, уақыт тауып жиі көрісуге де белін буар”, – деп ішкі ойын жасырмады.