«Қулығы мен айласы көп ЖОО-лар біздің түбімізге жетеді»
Қазіргі таңда Қазақстанда лицензиясынан айырылып жатқан ЖОО-лардың саны аз емес. Білім жүйесіндегі олқылықтардың бірін facebook.com әлеуметтік желі қолданушысы жазыпты. Kznews.kz сайты назарларыңызға сол жазбаны ұсынады.
«Шыныңызды айтыңызшы, өміріңізде университетке неше рет бардыңыз?
Марк Твен : «Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика» деген екен.
Жақында ғана QS World University ranking әлемдегі ең үздік университтердің 20-шы рейтингіг жариялаған болатын. Әлемнің 2963 ЖОО-сы қатысқан рейтингте еліміздегі 21 ЖОО үздіктер қатарында болды. Бұл өткен өткен жылғыдан 31,25% жоғары екен.
Осындай әлемдік рейтингке енген ЖОО-лар туралы жар салып, жарыса жариялаймыз ғой.
Ал еліміздегі ең нашар ЖОО-лар туралы не білеміз? Ондай рейтингті сирек болмаса, ешкім салмайды да.
Жаңалықтардан жалған диплом сатып алған ұстаздар туралы аз шықпады ғой. Сатып алғандар туралы айтамыз да, соны сатқандар ше?
Еліміздің әр өңірінде кемі 2-3 диплом сататын, университет деген аты ғана бар, былыққа белшесінен батқан ЖОО-лар бар. Көпшілігінің атын естігеннен-ақ бәрі түсінікті болады. Биыл сұхбаттасу кезінде сондай ЖОО-лардың біразына қанық болдық.
— Қайда оқыдыңыз?
— ….. университетте
— Шыныңызды айтыңызшы, өміріңізде неше бардыңыз?
— Бармадым…
Бұл тек бір ЖОО-дағы не бір адамның басындағы оқиға емес. Бұл — біздегі тұтас жүйе көрінісі.
Мысалы, 2020 жылы академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы, Орда (бұрынғы Silkway), Мирас, 2022 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институты өте өрескел қателіктер мен кемшіліктерінен бас лицензиясынан айырылған болатын. Былайша айтқанда, ары қарай жұмыс жасауға құқы жоқ. Одан бөлек 40-тан астамының бағыттар бойынша лицензиясын қайтарып алған болатын.
Ал биыл сол лицензиясын қайтарып алған, тіпті мүлдем толық лиценщиядан айырылған ЖОО-лар университеттер тізімінде жүр. Яғни олар мемлекеттік грант конкурсына қатысып, «маман» даярлай алады. Бұл қалай?
Бір университет лицензиядан айырылған соң басқа атпен ашылып қайта жұмыс жасай беруі, толық лицензиядан айырылған соң да мемлекеттік грантпен талапкер қабылдауы дұрыс па?
«Жаман иттің атын Бөрібасар қойыпты» дегендей, сондай былыққа батқан университеттер өздеріне ұлы тұлғалардың атын қойып алғаны…
Мысалы, осы кезге дейін Сырдария аталыр жүрген университет Жұмабек Ташенов университетіне айналып, ол да мемлекеттік грант тапсырысына қатыса алады екен…Атына ұялып, лицензиясына тиіспей, мемтапсырыстан да айырмайды деп ойлайды-ау көпшілігі. Сондай бір ЖОО-лар қатарына Болашақ, Көкше академиясы, Абай Мырзахметов атындағы университеттерді де жатқызуға болады. Сол университетті бітіргендер өздері де жақсы білер, сабақтары қалай, сессия қалай өткені туралы. Тіпті өздерінің қай университетте оқитынын, қайда орналасқанын да білмейтіндер көп.
Айтпақшы, Көкше академиясы демекші, біздің Ғылым және жоғары білім министрі де ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі вице-ректоры;
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-АҚ кадр саясаты және персоналды басқару жөніндегі атқарушы директоры, т.б. әртүрлі қызметтерде Астана қаласында жүріп-ақ
Көкше академиясында білім алып шыққан екен) мүмкін ғашықтан ой қашықтан (не сырттай) оқыған да шығар)
Жалпы біздегі сырттай оқу 2019 да жойылғанмен ол сөздің синонимі қашықтан оқу пайда болды.
Білімді саудаға салып, пайда көргісі келетіндер аз емес, бірақ соны көбейтіп жүрген де өзіміз ғой.
Бір басын шапса, екінші басы шығатын жыландар сияқты қулығы мен айласы көп ЖОО-лар біздің түбімізге жетеді», — деп жазды автор.
Фото: travelsmartclub.com