Құлыбаевтың әпкесі мен Шпекбаевтың ұлынан ұрлық жасаған сотталушылардың жазасы сәл ғана жеңілдеді
Апелляциялық сот Қаңтар оқиғасы кезінде Тимур Құлыбаевтың әпкесі мен Антикордың бұрынғы басшысы Алик Шпекбаевтың ұлының үйінен ұрлық жасағаны үшін сотталған Руфат Ахмеджанов пен Аслан Мұхамбаевқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды Kznews.kz.
Қылмыскерлердің адамды азаптағаны үшін 5-6 жыл, ал ұрлық жасаған адам 10 жылға сотталатынына қоғам белсенділері наразылық білдірген.
Айта кетейік, Ахмеджанов пен Мұхамбаев қаңтар оқиғасы кезінде Құлыбаевтың әпкесі мен Шпекбаевтың ұлының үйін тонап кеткені үшін кінәлі деп танылған. Сот отырысына жәбірленушілердің өздері қатыстырылмады.
Сотталғандар ұрлық жасағанын мойындаған, бірақ “қарақшылықпен тонады” деген бапты жоққа шығарады. Сотталғандар ұзақ жазаға ұшырағандарын аты белгілі адамдармен тікелей байланыстырады.