Құлыбаевпен байланысы бар компания таратылмақ
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевпен байланысты ақылы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерінің саудасы нарығындағы ең ірі компания – «Petrosun» компаниясы «ҚазМұнайГазға» ауысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.
«Petrosun» ЖШС қызметі бірте-бірте «KC Energy Group» ЖШС-не беріледі», — делінген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аралық қаржылық есебінде.
Ақпаратқа сәйкес, «KC Energy Group» ЖШС «Petrosun» ЖШС-нің қатысушылардың құрамы бірдей және басқару тетіктері де бірдей шарттарда құрылған.
2023 жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» және «Petrosun» екеуіне иелік ететін CNPC International Қазақстан жанармай нарығында жұмыс істейтін тағы бір бірлескен компания – «KC Energy Group» ЖШС құрды.
Еске сала кетейік, 25 қарашада Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның табиғи байлықтарын олигархтардың сату жағдайын сынға алып, Құлыбаевқа «жетерлік болған шығар» деп, «халыққа да не нәрсе қалдыру керек» деп мәлімдеген еді.