Құйрық бауыр асату: әні, дайындау, дәстүрі

0

Қазақ дәстүрінде құйрық-бауыр асату –  құда болудың заңды белгісі

Құдалық кезінде жасалатын «құйрық-бауыр асату» салты туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

Құйрық-бауыр деген не

Құйрық-бауыр – қойдың құйрық майы мен бауырын араластырып жасалатын тағам.

«Құйрық-бауыр асату» салтының қазақтың ұлттық салт-дәстүрінде алатын орны ерекше. Құйрық-бауыр жеуде екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген ниет жатыр.

Қазақ халқы арасында бұл салтқа қатысты «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» мәтелі де тараған.

Екі жақ келісіп, құда болған жағдайда оларға «құйрық-бауыр» деп аталатын арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел: «Бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар», – деп тілек білдіреді. Құйрық-бауырдан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі – құжат болып бекітілген.

Тағы оқыңыз: XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер

Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет-ғұрыптар, әдетте, әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіні әркімге белгілі. Сондай-ақ, осы «құйрық-бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар айтылмай қалмайды.

Құйрық-бауыр әні

Құда, құда дейсің-ау, әй,

Құйрық-бауыр жейсің-ау, әй.

Құйрық-бауыр жемесең,

Несіне құда дейсің-ау, әй.

Үлкен құда, бас құда,

Кіші құда, жас құда.

Құйрық-бауыр әкелдім,

Ауызыңды аш, құда.

Үлкен құда ардақты-ай,

Кіші құда салмақты-ай.

Құйрық-бауыр асатам,

Тістеп алма бармақты-ай.

Үлкен құда әнекей-ау,

Кіші құда мінекей-ау.

Құйрық-бауыр асаттым,

Кәделерің кәнекей-ау!

Дегенмен, бұл өлең әр өңірде әртүрлі айтылады.

Тағы оқыңыз: Ет асып, табақ тартудың жөн-жосығы: қандай қателік жіберуге болмайды?

Дереккөз: «Қазақтың дарқан дастарқаны» кітабы, Сейіт Кенжеахметұлы.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз