Құймақты қалай әзірлейміз?

0
Кейде үйде тұрған сүт немесе айран ашып кететін уақыттар болады. Соларды бірден лақтыруға асығамыз. Солайма? Оны.Лақтыруға немесе төгіп тастауға асықпаңыз. Тоңазытқышыңыздың бір бұрышына қоя салыңыз, дәл сондай ашып кеткен сүт өнімдерінен дәмді тәтті немесе құймақ жасауға болады.

Құрамы:

Айран — 2 стақан
Қант — 5 асқасық
Тұз — азғантай
Жұмыртқа — 2 дана
Ұн — 2 стақан
Қайнаған ыстық су — 1 стақан
Ас содасы — 0,5 шай қасық
Сұйық май — 3 ас қасық

Ыдысымызға айран, қант, жұмыртқа, тұз салып араластырамыз.Сосын ұн салып, араластырамыз қою болады. Қайнап тұрған ыстық суға ас содасын салып, араластырасыз.

Бірден қамырымызға құясыз да, араластырып, сұйық май құйып тағы бір араластырасыз. Табаны майлап, құймақты салып, пісіресіз.

Сонымен шамамен 12 құймақ шығады, үстіне тәтті сүт, тосап, қаймақ салып беруге болады.

АС БОЛСЫН!

Дереккөз: Reactor

Дереккөз: http://reactor.inform.kz