Құдыққа құлап, аяғымды сындырдым: Алматыда құдықтар ашық жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы білдей бір ықшамауданында құдықтар ашық жатыр. Ұрылар түн ортасында жүзден астам кәріз қақпағын үптеп кетіпті. Балаларын далаға шығарудан сескенген ата-аналар көмек сұрады.

Құдыққа құлап, аяғымды сындырдым: Алматыда құдықтар ашық жатыр

Себебі жергілікті әкімдікке талай мәрте шағым айтқанымен жағдай өзгермеген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Жаңадан салынған «Жасқанат» шағын ауданындағы тұрғындардың дені жас отбасылар. Балалары кішкентай. Сондықтан далаға жалғыз шығарудан қорқады. Ал тұрғын үйлердің айналасындағы қақпақтар ұрланып, үңірейіп тұр. Жергілікті атқамінерлер қазірден қамданбаса, мұнда алдағы уақытта аяғы сынбаған адам қалмауы мүмкін деп ашынуда.

“Кешке қарай бірде жарық болады, бірде болмайды байқаусызда өз басым сол люкке байқаусызда құлап, аяғымды жарақаттап алған күндерім болған. Ал енді қазір жаз болып келеді. Кішкентай балалардың барлығы таң ертеңнен қас қарайғанша далада жүреді өте қауіпті”, — дейді тұрғын Бақытгүл Баймағамбетова.

Жалпы шағын аудан аумағында күндіздің өзінде балаларға қауіпті. Арық атаулының барлығының қақпақтар атымен жоқ. Тек көлік өтетін жерлерде бірен-сараны ғана қалыпты. Қалғандары жылан жалағандай болған. 

Жасқанат тұрғындарының алаңдайтын жөні бар. Мынау дәл балабақшаның жанындағы көрініс. Мұнда 30-ға тарта люк жетіспейді. Ал жалпы ықшамаудан бойынша олардың саны жүзден асып жығылады. Тереңдігі 1 метрге жуық шұңқырға бала түгілі үлкен адам түсіп кетсе де мертігетіні сөзсіз. 

Тұрғындар қақпақтардың балғы бірдей ұрланбағанын айтады. Жаңадан асфальт төселген жерлерге мердігер компаниялар оны салмай кеткен көрінеді. Құрылысшыладың кесірінен баламыз далаға шығудан қалды, дейді жұрт.

«Екі жылдан бері осы жерде тұрамыз Бұл люктарды осы жердегі застройшик салмай кеткен. Жасаған кезде былтыр жолды, жасады, биыл мына люктарды жасады, салмай кетті. Менің өзімнің 4 балам бар. Бізге балаларымызға қорқамыз. Құлап кете ма, аяқтарын сындыра ма құдай сақтасын», — Алматы қаласының тұрғыны Нұрболат Смағұлов.

Көп ұзамай қолға түскен мына күдіктілер жолаушы тасымалдайтын автокөлікті ұрлық жасауға бейімдеп, Жасқанат шағын ауданындағы қақпақтарды ұрлауды кәсіпке айналдырыпты. Шағын аудандағы 30 жуығын қолды етіп, Алматы облысының аумағына апарып өткізіп отырған. Полицейлеп күдіктілермен бірге ұрланған заттарды қабылдаған кәсіпкерлерді де жауапқа тартуды көздеп отыр. 

“Қылмыстық кодестің осы нормасы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр. Бірақ бұл екі азамат бұрын-соңды сотталған. Сондықтан жаза мөлшері едәуір көп болады. Өйткені бір қылмыс жасағаннан кейін нәтиже шығармай тағы да қылмысқа бел буып отырған бұл ауырлататанын мән-жай”, — деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жалпы өткен жылы Алматыда 1100-ден астам қақпақ ұрланса, жыл басынан бері 500-ге жуығы ұрлардың олжасына айналыпты. Шағын аудандағы мәселеге қатысты әкімдіктен жауап алу мүмкін болмады. Соңғы екі айдың ішінде 15 адам құдыққа құлап, оның бірі мерт болыпты. Тұрғындардан 500-ге жуық шағым түскен. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz