Home KzNews TV Құдды сериалдағыдай болды. Ақтауда ерлі-зайыптының көшедегі әрекеті жұртты шошытты (видео)

Құдды сериалдағыдай болды. Ақтауда ерлі-зайыптының көшедегі әрекеті жұртты шошытты (видео)

0
1371

Маңғыстау облыстық полиция департаменті қашып бара жатқан әйелді ұстап алып көлікке отырғызған ер адамның видеосына қатысты түсініктеме берді.

Полиция ведомствосының мәліметінше, бейнежазба кейіпкерлері – отбасылық жұп. Аталған фактіге сәйкес, бір-біріне тағар айыбы жоқ.

Instagram желісінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған №6 шағын ауданда болған жағдай туралы видео жарияланды.

Кадрлардан ер адамның қыз баланы қуып бара жатқаны көрінеді. Жігітті басқа бір азамат тоқтатпақ болады. Алайда ол бәрібір қызды қуып жетіп, кейін көлікке отырғызады.

Куәгерлер әйелдің көмек сұрап шақырғанын айтады. Осы себепті көлік жанына адамдар жиналған екен.

Желідегі pust_govoryat_aktau паблигінде жарияланған видео полицейлерді де бей-жай қалдырмады.

«Мониторинг кезінде Instagram аккаунтындағы видео тұсында «Осы батырдың түрін бәрі білгенін қалаймын» деп жазылған. Аталған фактіге сәйкес, видеодағы азаматтардың кім екені анықталды. Олардан түсініктеме алынды. Отбасылық жұптың бір-біріне тағар айыбы жоқ. Бұл жеке өмір болғандықтан, мән-жайы айтылмайды», – деді полиция департаментіндегілер.