«Құдайға шүкір»: Артур Төлепов бір ай дәрігерлер бақылауында болған ұлын перзентханадан шығарып алды (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0
103

Артур Төлепов ұлын перзентханадан шығарып алды. Дәрігерлер осы уақытқа дейін сәби мен анасының бір ай бойы бақылауда болатынын айтқан-ды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Артур Төлепов

Қазақстандық актер әрі әнші Артур Төлепов жуырда әке атанды. Алайда ұлы дәрігерлердің бақылауында болғандықтан, әнші перзентін көпке дейін көре алмады. Сондай-ақ, дәрігерлер анасы мен баласын тек бір ай бақылаудан кейін ғана үйге жіберетінін айтқан-ды.

Бірнеше сағат бұрын жұлдыз әке Instagram парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.


«Құдайға шүкір! Барша тілек білдіріп жатқандарға рахмет», – деп жазды әнші перзентхана алдында түсірілген видеоның тұсына.

Желі қолданушылары өз кезегінде ақ тілегін жаудырып, сәбидің амандығын тіледі.

«Бауы берік болсын! Қазақтың бетке ұстар азаматы болсын!», «Келіншегі бахиласын шешпепті. Бұл да бір қызық естелік болатын болды», «Ұзақ күттім ғой. Өзім босанғандай. Шүкір, құттықтаймын», «Бауы берік болсын. Үлкен азамат болсын» деп жазды желі қолданушылары.



stan.kz