«Құдайдан да, Ыбырайдан да қорықпайтындар»: 68 миллион теңгеге бой көтерген Алтынсарин ескерткіші құжаттағыдай болмай шықты

0
37

Бұл Алматы қаласындағы 2021 жылы 68 750 000 теңге қаржы жұмсалып, бой көтерген Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші. Құжат бойынша биіктігі 750 см болған бұл ескерткіш шын мәнінде 527 см болып шықты.

Бұл туралы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды  Caravan.kz. «223 см айырмашылықты ақшамен санасақ қанша болады?» — дейді ол.

Жазбаға сүйенсек, құжаттарға сәйкес тұғырдың биіктігі 350 см, ал шын мәнінде — 177 см, ал ескерткіштің өзі — 400 см, өлшегенде — 350 см екен.

«Айырмашылық шамамен 223 см сияқты. Бірақ материалдардың қымбаттығын, соның ішінде көркемдік үшін қолданылатын OЦС-545 маркалы құйманы ескеретін болсақ, теориялық тұрғыдан лайықты сома келіп тұр. Бірақ таныс мүсінші мұның қола екендігіне күмәнмен қарайтын айтты», — делінген жазбада.

Автор «Тапсырыс беруші кім?» деген оқырман сауалына «Мәдениет Басқармасы» деп жауап беріп қойыпты. Сондай-ақ, оқырмандар «Бұлар Құдайдан да, Ыбырайдан да қорықпайтындар» «Ақша жегеннен біздің ел бірінші орын алатын шығар» деген сынды пікірлерін жазуда.