«Құдай сақтаған»: Петропавлда жаяу жүргінші ғажайыптың күшімен аман қалды — новости Казахстана
Петропавл қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жолдан өткелі тұрған адамды қағып кете жаздаған. Абырой болғанда тұрғынға еш зақым келмеген, ал көлік тротуарға шығып, ағашқа бір-ақ соғылған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол-көлік оқиғасы сейсенбі күні Жұмабаев және Абай көшелерінің қиылысында болған.
СҚО-ның полиция департаментінің мәлметінше, көлік апаты «Тойота Камридің» бағдаршам сары жанғанда қиылыстан өтуі салдарынан болған екен. Басқа көлікке соғылмас үшін, жүргізуші рөлді шұғыл бұрып, тротуарға шығып, ағашқа соғылады.
«Жүргізуші мас болмаған, жол ережесін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», — деп мәлімдеген полициядан.
Көлік тротуарда тұрған жаяу жүргіншіні қағып кете жаздағанымен, оқиғадан жүргізуші мен жолаушы зардап шекпеген.
Ал бақылау камераларына түскен видео әлеуметтік желілерде тараған.