«Құдай мен күйеуім куә»: Ерке Есмахан бетіне ота жасатты дегендерге жауап берді
Танымал әнші Ерке Есмахан бет-әлпетін өзгертті дегендерге жауап берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінен оқырманның бірі: «Сіз бетіңізге неше рет пластикалық ота жасаттыңыз?» деп сұрады.
“Ерке бетіне пластикалық ота жасатқан, үйткен-бүйткен деп жазып, өздерінің ішіндегі комплекстерін жұбататын әйел, қыз көп. Көңіл-күйіңізді түсірейін, бетіме ештеңе жасатпағанмын. Құдай куә және күйеуім куә. Кішкентай қыз болдым, бой жеттім, есейіп ару боп әдемілендім. Ана болып әрлендім. Өзіме қатты күтім жасаймын. Енді табиғатты пластикаға жатқызу – қате. Жалпы қазір блогер, әншілер бет-мұрын жасатып, қай жерін алып, қай жерін салып жатқанын ашық көрсетеді ғой. Неге қазіргі заманға сай болып кеткен трендтерге таңғаласыздар?» – деп жауап берді әнші.
Одан кейін, ел алдына шығып, танымал болған ұнайтынын да жасырмады. Айтуынша, сөзі мен ісі ел аузында жүрмесе қиналып қалатынын айтты.
“Танымал болған күшті ғой. Кейбіреуінің маған жыны келеді. Бірі қатты жақсы көретінін айтты. Әркім әртүрлі пікір жазады. Ешкімді эмоциясыз қалдырмаймын. Маған өзім туралы жазып жатқандар ұнайды. Егер жазылмай, айтылмай қалса, қиналып кететін сияқтымын”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Еске салайық, өнер иесі отбасылық өмірі туралы сұхбат бермейтінін айтқан еді.