«Құда болуды мен де армандаймын»: Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіргісі келеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіргісі келеді. Жақсы келін нәсіп етуді тілейді екен. Әнші төрт баласын қатты уайымдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ГУ-ГУ-ЛЕТ» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Алла нәсіп етсе, үйленсін. Өткенде Азаматтың керемет сөзі есіме түсіп кетті. «Біз жақсы келін түсіргіміз келеді, жақсы күйеу келтіргіміз келеді. Бірақ ұрпақ тәрбиелеу жағынан қандай үлес қосып жатырмыз» дейді. Сол үшін күні-түні дұға тілейміз жақсы келін нәсіп етсе екен деп. Өзіміздің деңгейіміздегі, өзімізді түсінетін, байлықтың, кедейліктің сынынан сүрінбеген бір асыл азаматтармен құда болуды мен де армандаймын. Құдамды құрдасымдай, құдағиымды сырласындай көретіндерді көріп бір сүйсінемін. Сол кісілердің жолын берсе екен деймін», — дейді Сәкен Майғазиев.

Ұлы ата-анасына ұнаған қызға үйленетінін айтыпты. Алайда, әнші оған қатты сене қоймайтын сияқты. Сәкен Майғазиев төрт баласын қатты уайымдайды екен. Тұңғышымен достық қарым-қатынасты ұстанатынын айтады.

«Ұлым өзіммен бірге өсіп келеді деп айтсам болады. Онымен кез келген тақырыпта сөйлесе аламын. Ал қыздарыма келгенде, екіншісін уайымдайтынмын. Өйткені кіші қызымнан қызғанатын. Өте ерке. Бірақ ол өтпелі кезең екен. Қазір қыздарым еркеліктің кезеңінде жүр. Ал мен әке ретінде оларға дауыс көтергім келмейді. Өзім анда-санда келемін, еркеліктерін көтере алмай қалсам көңілдерінде қалып қоюы мүмкін», – дейді әнші.

stan.kz