Құбыр жарылса жөндерсің, халық жарылса, не істейсің? – Аспанбек Шұғатай

0

Желіде Аспанбек Шұғатай есімді ақынның халық жайын айтып шырылдаған толғауы тарады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Видеода ол Екібастұз қаласының да аянышты хәлін тілге тиек етеді.

“Жаңа Қазақстаным, сол баяғы ескі үйсің,
Отыз жылдық маскаңды әлі күнге шешпейсің.
Екібастұз қаласы, мына бізді кешкейсің.
Төрт күн болды жылу жоқ,
Кінәлі бұған ТЭЦ дейсің.
Кінәлі болса егер де,
Құбырды тескен байлардың,
Құлқынын неге теспейсің?
Естуші Үкіметім-ай,
Бізді қашан естисің?
Құбыр жарылса жөндерсің,
Халық жарылса, не істейсің?” — дейді ол видеода.

Желі қолданушылары да ақынның бұл өлеңін қостап, халықтың жайын айтқан.

“Енді қара халық көтерілсе қиын болды, тәубелеріңе келіңдер!”, “Иә, өте өкінішті жағдай. Қала тұрғындарынан ұят болды ғой”, “Халық үнін жеткізген мына кісі аман болсын”, “Қазағым-қазағым, тарттың-ау, өмірдің азабын”, — дейді пікір жазғандар.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалғаны хабарланған еді. Кейін қалада төтенше жағдай жарияланған болатын.