Қуат «Найманның» келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

0

Аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Найман» лақап атымен өнер көрсететін қазақстандық спортшы келесі кездесуін қайда және қашан өткізетіні туралы мәлімдеген. Бұл жаңалығымен Хамитов өз Instagram парақшасында бөліскен.

«Fight Nights Global. 27 желтоқсан. Мәскеу. Мен дайын боламын!», -деп жазған қазақстандық спортшы.

Қазіргі уақытта «Найманның» шаршы алаңға кіммен шығатыны белгісіз. Ал желі қолданушылары өз кезегінде Қуатқа тек қана сәттілік тілеген.

«Алға, батыр!», «Шап», «Біз сені қолдаймыз!», «Кездесу сәтті өтсін», «Біз саған сенеміз», «Тек қана жеңіс тілейміз», «Біз сенімен біргеміз», — деп жазған олар.