Қуат Хамитов пен Иван Дычко Алматыда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шықпайтын болды

27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде өнер көрсетуі керек болған Қуат Хамитов пен Иван Дычконың жекпе-жегі болмайтын болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атақты дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізуі керек болған Қуат Хамитов пен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жектері өтпейтін болды. Қуат Хамитов танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасуы керек болса, Иван Дычко ресейлік Виталий Кудуховқа жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда қос қазақстандық спортшының жарақат алып қалуына орай жекпе-жек кейінге шегерілді.
Айта кетейік, AllStarsBoxing-тің алғашқы турнирінде Қуат Хамитов жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.