Қуат Хамитов енді «Мисс Қызылордаға» көз салды

0

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов 2017 жылы Қызылорданың ең сұлу аруы атанған Гүлнұр Нұртазаға көз салды. Бойжеткеннің осы күнде Алматы қаласындағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеп жүргені белгілі болған еді.

19 жастағы модель ресейлік шоу мен Украинаның жарнама агенттіктеріне шақырту алған. Алайда бойжеткен олардан бас тартты. Өйткені ресейлік шоуда Қазақстанды жетім қалған қызға көмек қолын созбады деп төмендететініне сенімді. Ал Украинаға отанынан кеткісі келмегендіктен бармаған.

Қуат Хамитов оған жылы лебізін білдіріп, оның суретін Instagram-stories-інде бөлісті.

Тұсына «Сұлу аруымыздың атақ пен ақша үшін Ресейге бармағанына, бізде Гүлнұр секілді ел патриоттарының қалғанына ризамын! Гүлнұр Нұртазадан үлгі алыңыздар, жарайсың!» деп жазды.

Бойжеткен өз кезегінде оның жазбасын бөлісіп, алғыс айтты.