Қуандық Рахым қызықты оқиғасын айтып елді күлдірді (видео)

0
428

Қуандық Рахым көпшілікке қызықты оқиғасын айтты. Әнші әкесі алғаш рет жаңа көлік алғандағы қызықты жайтты баян етті.

Әншінің айтуынша, жаңа көлік алғанда отбасымен алыс жолға шыққан. Жол бойы көліктің желдеткішін өшіре алмай әуреге түскен екен.

“Жаңа көлік алған жылы отбасымызбен алыс жолға шықтық. Күндіз желдеткіші қосылып тұрды. Күн  ыстық болғандықтан мән бермедік. Түнде қайтатын уақыт болды. Желдеткішті қалай өшірерімізді білмейміз. Көлікте тоңып қалдық. Арасында далаға шығып жылынып аламыз.

Әкем “Москвичтен” кейін көлік айдамаған ғой. Желдеткішті қалай өшіретінізді білмегенбіз ғой. Солай жол бойы тоңып келдік. Жолда жанармай бекетіне тоқтап, сол жерде біреулерге өшіртіп алдық. Сондай қызықтар болған”, – деді әнші ағынан жарыла.

“Қандай керемет, жаңа көлік алғанда сондай қуанышта болушы едік”, “Бәрін ашық айтып отыр, қарапайым екен”, “Мен болсам айтуға ұялар едім”, “Күлкімді тыя алмай қалдым”, “Жақсы естелік”, – деп жазды көпшілік.