Қуандық Рахым: Кезінде Төреғалидің қолына су құюға жарамайтын жігіт едім

0

Отандық жас әнші Қуандық Рахым ешкім күтпеген мәлімдеме жасап, жұртты таңғалдырды. Ол бұрын Төреғали Төреәлінің қолына су құюға да жарамайтын жігіт болғанын ел алдында мойындады. Өнер иесі әншілігін өз құрдастарынан кеш бастағанына күйінді деп жазады «Түнгі студия» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші «Түнгі студия» бағдарламасына сұхбат беріп, ішіндегі бар сырын ақтарды.

«Менде бұрында арман болды. Мысалы мен Төреғалилермен жастымын, құрдаспын.

Олар 20 жасында сахнаға шығып жарқылдап жатқан кезде, мен әлі олардың қолына су құюға жарамайтын жігіт едім. Бірақ құрдаспыз.

Сол кездерде «Шіркін-ай, бір күні Алла бұйырып, сол сахнаға шығып, солардың қасында тұратын болсам арман жоқ шығар» деп ойлап, армандайтынмын», — деп ағынан жарылды Қуандық Рахым.

Айтуынша, шоу-бизнес жұлдызы ән жазуды тоқтатпауға өзіне уәде берген. Әріптестері бір хит шығару үшін жылдап уақыт жұмсайтын болса, Қуандық көптің көңілінен шығатын туындыны үш күнде ғана жасап шығара алады екен.

“Үш күн сайын ән шығарамын”, – дейді ол.

Айта кетейік, Қуандық Рахымның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.