Қуандық Бишімбаев туралы кітап жазылып жатыр
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/10/IMG_5403.jpeg)
Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сәтсіз аяқталған некесі туралы кітап жазып жатыр.
Назым Қаһарман өзінің Instagarm-дағы парақшасында өмірі жайлы кітап жазып жатқанын айтты.
“Негізі кітап мен туралы, бірінші некем жайлы. Қалай ажырасқаным туралы жазамын, кітапта кейбір кейіпкерлер де бар”, – деп жазды блогер.
Сондай-ақ Назым кітаптың екі тарауы жазып қойғанын айтты.