Қуандық Бишімбаев өзіне қол жұмсар алдында өсиет қалдырған
Қуандық Бишімбаев өзіне қол жұмсардың алдында өсиет қалдырған, — деп жазды Massaget.kz.
Бұл туралы сотта Бақытжан Байжановтың телефонын тексеру барысында анықталды.
«Бар затымды, банк аккаунттарымды, есептерімді (шоттар), балаларыма сыйлаймын, Назымға (бұрынғы әйелі) сыйлаймын. Балаларымды асырасыншы», — дейді Бишімбаев бірінші видеода.
«Мансұр, Карим, Ранияға (үш баласы), Назымға сыйлаймын» — дейді екінші видеода Қуандық Бишімбаев.
Бүгінгі сот отырысында судья Айжан Күлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады.