Қуандық Бишімбаев өз балаларының тегін ауыстыруына рұқсат берді

0

Астанада Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша аппеляциялық іс қаралды. Бұл талапты оның бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман қойған.

Назым Қаһарман балалардың әкесінің қылмыстық жауаптылыққа тартылуын және қоғам тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар салдарынан психологиялық қысымды сезінетінін көрсете отырып, үш баланың әкесін ата-ана құқығынан айыруды сұрады.

Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырудан бас тартты, өйткені жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеген.

Апелляциялық қарау кезінде жауапкер балалардың тегін өзгертуге және шетелге шығуға келісім берді. Аппеляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді, — деді сотта.