ҚТЖ төтенше жағдайға байланысты жолаушыларға үндеу жолдады — Қазақстан жаңалықтары

0

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы елде уақытша төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жолаушылар билеттерінің ақшасын соңғы күні ұстамай-ақ толықтай қайтаруға шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

теміржол

«Құрметті жолаушылар, бүгін қайту билеттеріне байланысты кассаларға тым көп жүктеме түсіп кетті. Осыған байланысты біз өз кассаларымызға қосымша қолма-қол ақша бердік, қайтару төлемдер белгілі бір кассаларда қолма-қол ақша жетіспейтін жағдайларды қоспағанда, сол жерде жүзеге асырылады.

Мұндай сирек жағдайларда билеттің күші жойылады, ал жолаушы өз ақшасын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, оның ішінде келесі күні ала алады. Біздің жолаушыларымыздан осындай жағдайда билетті қайтару процесіне түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұраймыз. Біз ақшаны толық қайтаруға кепілдік береміз», — деді ұлттық тасымалдаушы таратқан хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін ДДСҰ коронавирус пандемиясының жариялануына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай кезінде Қазақстанда бірқатар шектеулер енгізілді. Қазақстандықтар елден кетпеуі керек (шетелде емдеу қажет болған жағдайларды қоспағанда). Елге кіруге де тыйым салынған.

Ірі азық-түлік емес сауда орындарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көптеген адамдар жиналатын басқа орындардың қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар, бұқаралық спорттық және ойын-сауық шараларына, сондай-ақ отбасылық тойларға тыйым салынды.
 

stan.kz