ҚТЖ директорлар кеңесінің жаңа басшысы тағайындалды

0

Айдар Рысқұлов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Қазір Айдар Қайратұлы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. Осыдан төрт жыл бұрын ол «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.

Айдар Рысқұлов Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген, сондай-ақ Назарбаев университетінің МВА магистрі дәрежесіне ие. Әр жылдары «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ, АТФ банкінде, ЦентрКредит банкінде, Халық банкінде, «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеген. Қорда жеті жыл бойы Рысқұлов қаржылық активтерді басқару жөніндегі директор, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.