ҚТЖ-да бюджет ақшасы ұрланды

0

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Қазтехнологияда» да бюджет ақшасы ұрланды

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүйесінде 1,3 миллиард теңге жымқырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жүйесінде 1,3 миллиард теңге бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды. Ақша пойыз қозғалысын реттеу жүйесін жаңғырту жобасы бойынша байланыс платформасының аппараттық-бағдарламалық кешенін салу кезінде ұрланған», деді департаменттің бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Қамитов.

Айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Қазтехнология» АҚ-да бюджет ақшасы ұрланды.

Белгілі болғандай, Арыс және Отардағы әскери бөлімдерде оқ-дәріні утилизациялау кезінде 1,7 миллиард теңгеден астам ақша жымқырылған.

Тағы оқыңыз: Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео

«Қазтехнология» АҚ қазіргі таңда Қазақстанда оқ-дәріні кәдеге жарататын жалғыз ұйым. Мемлекеттік компанияның негізгі қызметіне патрон өндіру, оқ-дәріні утилизациялау және жарылғыш заттарды сақтау кіреді.
Утилизациялау пунктері тек екі жерде ғана бар. Оның бірі Арыс қаласында, екіншісі Отар стансасында.



sputniknews.kz