ҚТЖ арзан билетті өткізгенде ұсталатын айыппұлды алып тастады

0

Бір мың теңге көлеміндегі айыппұл мөлшері тек 3500 теңгеге дейінгі билеттер үшін ғана алынбайды.

2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ арзан билетті қайтарған кезде жолаушыдан ұсталып қалатын айыппұлды алып тастады, деп хабарлады bnews.kz, ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Билет санаттарының бағаларын саралау үшін 15 қаңтардан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ билетті қайтарғаны үшін жолаушыға 1 мың теңгелік айыппұл салу тәртібінің күшін жояды. Бұл ретте айыппұл тек 3 500 теңгеге дейінгі билеттер бойынша жойылады. Аталмыш шара жолаушылар тарапынан түскен өтініштер негізінде қолға алынып отыр», — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталмыш шара билеттерді заңсыз қайта сатумен күресу мақсатында қолға алынған. Нәтижесінд

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/