ҚР жаңа Ішкі істер министрі тағайындалды

0

Аталған қызметке Ерлан Тұрғынбаев келді.

Ерлан Тұрғынбаев ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды», — деп хабарлады Ақорда.

Ерлан Тұрғынбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған Қалмұханбет Қасымовтың орнына жайғасты.

Ол бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын (2012).

«Мемлекет басшысының бұйрығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев басқа қызметке ауысуына орай ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды», — делінген Ақорданың сайтында.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 1962 жылы Алматыда дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1984 жылы Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі болып бастады. Әр жылдары тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2000- 2006 жылдары ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы6 ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы болды. 2006 жылдың шілде айында Алматы қаласының ІІД бастығы қызметіне тағайындалды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz