«ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Нұразхан ұсталды

0

«Антикор Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А. Мұхамедиұлына (ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.

Жүргізіліп жатқан тергеу аясында «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды, ол А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 млн. теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысты.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш.Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: mail.kz