ҚР Президенті Түркия басшысымен Украинадағы жағдайды талқылады

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен Украинадағы жағдайды талқылады, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы  BORT N1 телеграмм-арнасына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады», — делінген хабарламада.

Екі ел басшыларының әңгімесі дәстүрлі достық рухында өтті.

Әңгіме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, содан кейін келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.

Түркия көшбасшысы Қазақстан Президентінің мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізді.

Қазақстан көшбасшысы Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады.

(фото nege.kz сайтынан алынды)