ҚР Президенті ЕАЭО ортақ валютасы жайында: Оның ауылы алыста

0

2018 жылғы 28 желтоқсан 23:35 167

ҚР Президенті ЕАЭО ортақ валютасы жайында: Оның ауылы алыста

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы жайындағы мәселеге соңғы нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті келесі жылы ЕАЭО туралы идеяның 25 жылдығы және ЕАЭО туралы шарттың 5 жылдығы болатындығын атап өтті.

«Санкт-Петербордағы кездесу барысында біз екі мерейтойды да, 25 жылдықты да, 5 жылдықты да  осы жерде келесі жылдың шілдесінде атап өтуге келістік. Бірыңғай валютаға келер болсам, бұл тақырыпта ешкім де байыпты сөз қозғаған емес және біз ешқандай да келіссөздер жүргізген емеспіз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы біреулердің еуро сияқты ортақ валютаны қалайтындығын, бірақ, ол үшін одаққа мүше мемлекеттердің экономикасы бір деңгейде болуы керектігін баса айтты.

«Бізге мұның ауылы әлі алыста.Тіпті, энергетиканы Ресеймен, Қытаймен ұлттық валютада саудалау мәселесінің өзі қиындық тудырады. Сондықтан, бұл өте алыстағы келешектің еншісінде. Оның өзі де қиын мәселе. Ниет жақсы, бірақ жақынарада мұны орын ала қояды деп ойламаймын», — деді ҚР Президенті.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz