ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақыт Сұлтанов домбырада ойнады (ВИДЕО)

0
41

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook желісінде халықты «Домбыра күнімен» күнімен құттықтап, күй орындады.

Домбыра (екі тілде)
Друзья! Поздравляю вас с Национальным днём домбры!
Домбра – это музыка души казаха, звучащая история Великой Степи!
Учёные доказали, что она издревле сопровождала развитие наших предков. Наш знаменитый археолог Кемаль Акишев утверждал, что домбра отмечена на наскальных рисунках, относимых аж к эпохе неолита. И я очень рад, что наш главный музыкальный инструмент сегодня становится популярным в самых разных уголках мира.
Домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым деуге болады. Жат жерде жүргенімде домбыра үнін естісем, туған елде жүргендей сезінем, жігерлене түсем.
Халқы­мыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Осы игі үрдіс қазір де жалғасып келеді.
Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадір тұтуымыз қажет. Сондықтан ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды.
Ұлттық домбыра күні тағы да баршамызға құтты болсын!
Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!