ҚР ІІМ Қарағандыда кісі өлімінен кейін ақпараттың тарап кетуіне байланысты тексеріс жүргізіп жатыр — Ел жаңалықтары

0

ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағандыда мейрамхана аумағында болған жаппай төбелес пен кісі өліміне қатысты мәліметтердің әлеуметтік желіде ақпараттың таралып кетуіне байланысты қызметтік тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кісі өлімі болғаннан кейін, 1 қаңтарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кісі өліміне қатысы бар делінген күдіктілердің суреттері тарала бастады. 

«Ақпараттың жайылып кетуіне байланысты қызметтік тексеру жүріп жатыр, менің ойымша қорытындысын жариялаймыз. Нақты сұрақтар бар. Сол бағыттамалардың ішінде болғандардың бірі ұсталды және уақытша қамау изоляторына жабылды. Ол осы іс бойынша өтіп жатыр», — деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов. 

Сонымен қатар, ол құқық қорғау органдарының осы іске қатысты бірден пікір білдірмегенін айтады. 

«Бірінші кезекте мынаны ескеру керек, қолда бар мәліметтерді тексеру, куәгерлерден сұрау алу нәтижесі, жекелей кездесулер, сараптама тағайындау — бұл белгілі бір уақытты талап етеді. Қазіргі уақытта жалпы картина көрінді, адамдар анықталды, қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әр кімнің рөлі анықталатын болады», — деді ол. 

Министрлік өкілдері Қарағандыдағы жаппай төбелестің себебін айтты

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz