ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты: Енді қандай шектеулер болады?

0
368

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың 2020 жылғы 23 қазандағы жарлығындағы өзгерістер Интернетте жарияланды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап KzNews.kz хабарлайды.

Қаулы мәтіні:

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
  • 7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді;»;

  • 1-тармақтың 1) тармақшасында «өткені туралы» деген сөздер «тесттің теріс нәтижесі бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
  • қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады.  COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.».

  1. «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 60 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.