ҚР Бас прокуратурада Иманғали Тасмағамбетовке қарсы іс қозғалды – Козачков
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, Иманғали Тасмағамбетов сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке іліккен. Бұл оның Алматы, Астана әкімдері және Қорғаныс министрі қызметтеріндегі ісіне қатысты болып отыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Параллель ғаламның жаңалықтары: елордада Иманғали Тасмағамбетовтің Алматы, Астана әкімі және Қорғаныс министрі қызметтінгі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға қатыстылығы туралы бірқатар мәлімдемелерді тексеретін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылуда», — деп жазды Козачков
Бұл ақпаратты растайтын бірқатар дереккөздер бар. Атап айтқанда, chinovnik_kz Telegram-арнасы Тасмағамбетовтің Astana LRT компаниясында жымқыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын түсіндіреді.
«Біз журналист Михаил Козачковтың бұл ақпаратын растаймыз. Расында да, Иманғали Тасмағамбетовты тексеруге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы бастамашы болды. MSOG Тасмағамбетовтің Astana LRT сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты сұрақтары бар», — деп қосты дереккөз