Қожамжаров Қырғызстанның Бас прокурорымен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың Қырғызстанның Бас прокуроры Откурбек Джамшитовпен кездесіп, екі жақты ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудың және шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің аспектілерін талқылады.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар трансұлттық қылмысқа, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты іргелі қарым-қатынастар, сондай-ақ ұрланған активтерді кері қайтару бойынша бірлесе күш-жігер жұмсау оң бағаға ие болды.
«Өзара келісімге негізделген келісілген әрекеттер Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Кишинев конвенциясын іске асыру мәселелерін жедел әрі әуре-сарсаңға салмай шешуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Қайрат Қожамжаров.
Өз тарапынан Откурбек Джамшитов мырза сотталған адамдарды беру саласында қол жеткен өзара іс-қимылды атап өтті.
Соңғы екі жыл ішінде іздеу салынған 11 адам Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды, қырғыздар тарапынан 17 азамат берілді. Осы кезең ішінде Қазақстан Қырғызстанға олардың сотталған 19 азаматын, ал біздің елімізге 3 қазақстандық берілді.
Террористік ұйымдармен және оларды қаржыландырумен күрес саласындағы ынтымақтастық аспектілері жеке талқыланды.
Қазақстанның Бас прокуроры шетелдік әріптесін екі жақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға әзір екендігін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында өткен «Аймақаралық ынтымақтастықты нығайту және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру» атты халықаралық конференцияда шет елдердің қадағалау ведомстволары өкілдерінің қатысуы аясында Қазақстанның Бас прокуроры Қ. Қожамжаров бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ