Қожа Ахмет Яссауи және кондиционер

0
150

Ахмет Яссауидің «Хикметтерін» екінші рет оқып жатырмын. Іші толған эзотерика. Ақылға сыйымсыз, логика атымен жоқ. Хикмет деген даналық деген сөз ғой.

Бірақ «Хикметтерден» дана адамның сөзін таппадым. Яссауи «Хикметтерінің» алғашқы бірнеше тарауында 63 жасқа толған соң неге жер астына (қылует) түсіп кеткенін түсіндіріпті. Басты аргументі «Мұхаммед пайғамбар 63 жасында өлді, менің де 63-тен кейін жер бетінде жүруге қақым жоқ» деген сопылық мүләйімсу.

Бірақ мұнда бір қулық бары байқалады. Біріншіден, Түркістан (ежелгі атауы Яссы) табиғаты өте қатаң аймақта орналасқан қала. Жазда аптап ыстық,тірі жәндік жанын қоярға жер таппай кетеді. Қысқа қарай аңызақ суық жел, өңменіңнен өтеді.
Мұндай кезде жер асты, яғни жертөле жанға жайлы жер, жазда салқын, қыста жылы, бірқалыпты температура.

Жанын сақтау үшін Ахмет қулыққа басып, жертөлеге кіріп кеткен. Онысын жертөле демей, қылует деп әспеттеп қойған. Ал «Пайғамбар Мұхаммедтен артық жер бетінде жүрмеймін» дегені жанаярлығын білдірмеу үшін айта салған сөзі секілді.

Пайғамбар жасынан кейін қылуетке түсіп кетуді насихаттау жұрттың көңілінде өмірге деген құлшынысты жою мен пессимистік психоз тудыратынын кейінгі мақаламда ашып жазармын. Әзірге қылуетке түсіп кетудің Исламға қайшы екенін айта кетейін. Бұл Құранда айтылатын ысырап ұғымына байланысты. Құдайдың күні жарқырап тұрғанда қараңғы жертөлеге кіріп алып майшам жағып отыру нағыз ысырап емес пе?
Құранда шынында ысырапқорлар шайтанның туысы делінген.
(исра сүресі,27 аят)

Сондықтан «63 жасынан кейін қылуетке түсіп кетті» деп,Ахмет Яссауиден меніңше дін үшін жанын қинаған нағыз мұсылман, данагөй «әулие» жасау дұрыс емес..

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ