қосымша зейнетақы жарнасы кейінге шегерілді

0

Жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне аударуы тиіс 5 проценттік қосымша зейнетақы жарнасы 2023 жылы енгізілетін болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 проценттік қосымша зейнетақы жарнасын енгізуді кейінге қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгінде әлеуметтік жарналардың көлемі артып келеді. Бір жағынан ондай алым-салықтар зейнетақы және әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Алайда бірқатар қауіп-қатер бар. Жұмыс берушілер жаңа жұмыс орындарын ашуға және жалақыны көтеруге деген қызығушылығын жоғалтуы мүмкін», — деді Тоқаев алғашқы жолдауын жариялау барысында.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік жарналар арта берсе, бизнес көлеңкелі сипатта істеп кетуі әбден мүмкін. Осыған байланысты үкіметке тиісті тапсырма берді.

«Мен үкіметке 5 процент көлеміндегі қосымша зейнетақы жарналарын аударуды 2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын. Сол кезде тағы қарастыратын боламыз. Оған дейін үкімет, бизнес пен сарапшылар бір келісімге келуі тиіс», — деп атап көрсетті Тоқаев.



sputniknews.kz