Қостанайдың 140 жылдығы: әкім Қайрат Ахметов Митя Фоминмен бірге ән айтты

0

Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мерекелік концертке ресейлік әнші Митя Фомин қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Қостанай әкімі Қайрат Ахметов қаланың 140 жылдығын тойлау кезінде ресейлік әртіс Митя Фоминмен бірге ән айтты.

Фомин «Быть рядом», «Огни большого города», «Танцы на работе» сияқты хит әндерімен қостанайлықтардың көңілін көтерген болатын.

Мерекелік кеште әкім Қайрат Ахметов тұрғындармен бірге болып, «Все будет хорошо» әнін орындаған кезде Митя Фомин қала басшысына жақындады. Әкім сасқалақтап қалмай, әншімен бірге қайырманы орындады, деп жазады «Наш Костанай» басылымы.

Тағы оқыңыз: Бүркіт пен Наташа Королеваның жұртты шулатқан бейнебаяны желіде жарияланды — видео

Мәскеулік қонақ концерт алдында сырқаттанып, Қостанай облыстық ауруханасына түскен, деп хабарлайды «Наша газета».

«Мені аяққа тұрғызды, қорқатын дәнеңе жоқ, бірақ бүгін жұмыс істеуім сәл қиындап тұр. Сіздердің қолдауларыңызға үміт артып тұрмын! Сол себепті әнді жалғастыруды өтінсем, бірге айтатын болайық», — деді Фомин.

Қала тұрғындарын құттықтау үшін сахнаға Astana Opera әншісі Сүндет Байғожин, әнші Қайрат Байекенов және «Формат» тобы шықты. Кештің шарықтау шегі мерекелік отшашу болды.



sputniknews.kz