Қостанайдағы жарылыс: жеті адам үйінді астында қалды
Оқиға орнына облыс әкімі барды, деп хабарлайды Kznews.kz.
Қостанайдағы жарылыс туралы облыстың ТЖД түсініктеме берді.
Төтенше жағдай 11 желтоқсанда түсте болған екен.
Бір қабатты ғимараттың құлауына себеп болған газ-ауа қоспасының мақтасы деген ақпарат тарады. Салдарынан үйінділердің астында жеті адам қалып қойған.
Қазір құтқарушылар жұмыс істеуде. Облыс әкімі де сол жерде жүр.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында газ-ауа қоспасы жарылып, 12 жасар қыз қайтыс болғанын жазған едік. 22 жастағы жігіт ауруханаға түсті.