Қостанайдағы орталық аурухана өртеніп кетті (фото)
Қостанай облысындағы аудандық аурухананың шатыры өртенді.
Өрт сөндірушілер келген кезде өрт шатырды және лифт шахтасын жарпыған, шамамен 300 шаршы метр аумақты алып кеткен.
Алдын ала мәліметтер бойынша, аурухана ғимаратында болған 50 адам шұғыл эвакуацияланды. Жан сақтау бөлімінен 4 науқас құтқарылды.
Қазіргі уақытта өртті жою жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.