Қостанайда жөндеу жұмыстары кезінде құбырлар арасынан тағы бір адамның мәйіті табылды

0

Қостанайда Мәуленов пен Дощанова көшелерінің қиылысында құбырларға жөндеу жұмыстары кезінде тағы бір қаңқалы мәйіт табылды. Бұған дейін дәл осы жерден екі адамның сүйегі анықталған болатын. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жұмыстарын жүргізген қаланың коммуналдық қызметі дәл осы жерден аты-жөні анықталмаған екі адамның сүйегін тапқан болатын.

Полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.