Қостанайда жедел жәрдем дәрігерлері екі баланы өрттен құтқарды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жедел жәрдем машинасын жолда тоғыз жасар қыз тоқтатыпты. Бұл баланың ағасы мен әпкесі өртке оранған үйде қалып қойған екен

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан — Sputnik. Қостанайда жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері – жүргізуші Бекежан Бектасов пен фельдшер Гүлнәр Мұстафина екі баланы өрттен құтқарғаны үшін марапатталды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

 


©
Photo : Комитет по ЧС МВД РК

Бекежан Бектасов пен Гүлнар Мұстафина

 

7 желтоқсан күні сағат 17:10-да жедел жәрдем қызметкерлері шақыруға бара жатып, жолда көмек сұраған тоғыз жасар қызды көріпті. Оның ағасы мен әпкесі жанып жатқан үйде қалып қойған екен. Бектасов пен Мұстафина қыз тұрып жатқан үйге жедел түрде жеткен. Олар бір терезеден алты және он бір жастағы балаларды көрсе, екінші терезеден көрші бөлмедегі ашық жалынды көріпті.

Тағы оқыңыз: Жаңа жыл мерекесінде балконда не істеуге болмайды – полиция ескерту жасады

Үйдің ішіне жанып жатқан есік арқылы кіру мүмкін болмады. Бұған қоса, Бектасов терезені аяқпен сындыра алмапты. Сондықтан ол үйдің жанында жатқан құбырмен терезені шаққан екен. Содан кейін ол үйге кіріп, балаларды сыртқа шығарды.

Жедел жәрдем машинасы балаларды ауруханаға жеткізді. Олар тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Уақытында келген өрт сөндірушілер де өртті тез сөндіре алды.

 


©
Photo : Комитет по ЧС МВД РК

Александра Панфилова

 

Облыстық төтенше жағдайлар қызметі басшылығынан алғыс алған Бекежан Бектасов пен Гүлнар Мұстафина жанып жатқан үйден шығып, ағасы мен әпкесін құтқарған тоғыз жасар Александра Панфилованың үлкен еңбегін атап өтті. Александра Панфилова оқитын мектепте салтанатты жиын өтіп, төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс подполковнигі А.Орымбаев батыр қызға грамота табыс етті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз