Қостанайда зейнеткердің жұмбақ өлімінен кейін іс қозғалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

79 0 0

Қаза тапқан әжейдің балаларының айтуынша, қарт кісінің үйін біреулер әдейі өртеген

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қостанай полициясы 77 жастағы зейнеткер қаза тапқан өрттен кейін қылмыстық іс қозғады. Әжейдің туыстарының айтуынша, бұл жазатайым оқиға емес, біреулер тонау үшін әдейі өрт қойған.

«Костанайские новости» басылымының жазуынша, өрт 5 ақпанда болған. Үй ішінде өр шығып, көршілері кеш байқаған екен. Өртенген баспанадан 77 жастағы Зоя Алферовованың денесі табылды.

Марқұм әйелдің балалары мұның жазатайым оқиға екеніне сенбейді. Өртенген үйдің орнын тексерген олар әжейдің тыққан ақшасы жоғалып кеткенін анықтапты. Қызының айтуынша, анасының зейнетақысы жоғары болған.

Балаларының сөзіне сүйенсек, анасы өте ұқыпты жан болыпты, әр затының өз орны болған екен. Өрт шыққан бөлмеде бір шам мен төсек қана тұрған.

Құтқарушылар тексергеннен соң анықталғандай, өртті біреу әдейі қойған. Полиция «Біреудің мүлкін қасақана жою немесе зиян келтіру» бабы бойынша тергеуді бастады.

Айтпақшы, марқұм Зоя Алферованың балаларының айтуынша, жақында жалғыз тұратын зейнеткер осыған ұқсас жағдайда қаза тапқан. Өртті қылмыстың ізін жасырғысы келгендер қойған болуы мүмкін, деп сенеді олар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз