Қостанайда ұстаздар біліктілігін ұштайтын білім ордасы 70 жылдығын атап өтті

0

«Қостанай облысындағы ұстаздар біліктілігін көтеру институты өзінің 70 жылдығын атап өтетін жылы көптеген шараларды жүзеге асырды. Біз архивтерден, облыс кітапханаларынан, мерзімді баспасөз тігінділерінен білім ордасының құрылуы мен дамуы жүйесі туралы іздестіру, зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Институт қызметкерлерінің инемен құдық қазғандай қиын да, тиянақты жұмыстарының арқасында тарихымыздың жарқын беттерін жасадық. Институт соғыстан кейінгі ауыр жылдары өзін осы игі іске арнаған, ұстаздардың ұстазы болған адамдардың маңдай терімен құрылды. Біз тапқан материалдарымыз негізінде мақалалар желісін жаздық, фильм түсірдік, мамандар еңбегі мен институттың даму жолын көрсеттік» деді «Өркен» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы» облыстық филиалының директоры Марионелла Слесарь.

Салтанатты басқосуда Облыстық білім басқармасының басшысы Құсайын Каткенов ұстаздар біліктілігін көтеру институтының білім сапасына қосқан еңбегі зор екендігін тілге тиек етті.

«Интститут қызметкерлерінің креативті және жаңашыл бастамаларының арқасында облыс өңіріндегі ұстаздар қауымы республикада алдыңғы қатардағы әріптестер қатарынан көрініп келеді. Институттың өзі секілді одан озық тәжірибелер мен әдістемелерді үйренген ұстаздарымыз да жоғары көрсеткіштерге ие» деді Құсайын Каткенов.

Институтта білікті мамандар қызмет істеді. Мысалы, блім беру саласының ардагері Раушан Байсарина осы институтта 42 жыл еңбек етті. Ол облыстағы білім беру мекемелері басшыларының тұтас бір ұрпағын тәрбеиеледі десе болғандай. Әсіресе, өткен ғасырдың 80-ші жылдары нағыз жаңашыл ұстаздар ұстаханасы болған институтта көптеген игі істер атқарылды. Олардың басында Калашникова Тамара, Мирошникова Людмила, Дядечко Валентина, Смазнова Валентина және тағы басқалар болды. Бүгінде біліктілікті көтеру жүйесі – пікірлестер мен мүдделестердің басын біріктіріп отырған бір республикалық және 14 облыстық институттан тұратын ірі команда болып табылады. Оларда Англиядан, Франциядан, Сингапур мен Оңтүстік Корееядан, тағы басқа да озық елдерден білімін көтерген білікті 3 мыңнан астам мамандар қызмет етеді. Салтанатта білім саласында инновациялық әдістемелердің, жаңа технологиялардың орталығына айналған институт мамандарына құрмет көрсетілді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Egemen Qazaqstan»

Қостанай

Дереккөз: http://egemen.kz/