Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен төрт адам қаза тапты

0

Қостанайда Тобыл көшесіндегі екі қабатты жеке тұрғын үйден шығып, салдарынан төрт адам – ​​екі ересек және екі бала қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, тұрғын үй 27 наурыз күні сағат 13:57-де өртене бастаған. Өрт екінші қабатпен қоса, 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт орнында тұрғын үйді жалдап тұрып жатқан 1988 жылғы азаматтың жанып кеткен денесі, оның 1985 жылғы азаматтық некедегі жұбайы табылды, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Көрші бөлмеден өрт сөндірушілер 2011 жылы және 2013 жылы туған екі қыздың денесін тапты. Олар туысына қонаққа келген.

Ведомство өрт 15:05-те сөндірілгенін мәлімдеді.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар депаратментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері мен бес арнайы техникасы жұмылдырылды.