Қостанайда такси жүргізушісіне шабуыл жасады
Қысқа сілтеме алу
Көлік ішінен екі ұялы телефон мен бейнетіркегішті алып кеткен 20-24 жас аралығындағы үш жігіт бұрын сотталған
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қостанайлық құқық қорғаушылардың жедел із кесу әрекетінің нәтижесінде такси жүргізушісін тонауға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Олар телефонның мобильді қосымшасы арқылы такси шақырған. Жолаушылардың біреуі жүргізуші жанындағы, қалған екеуі көліктің артқы орындығына отырады. Белгіленген жерге жеткенде, артында отырған адам жүргізушінің мойнына арқан салып, ақша талап еткен», – делінген баспасөз хабарламасында.
Жүргізуші қылмыскерлердің қолынан қашып шығып, бірден полицияға жүгінген.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілер көлік ішінен екі ұялы телефон мен бейнетіркегішті алып кеткен. Полиция өкілдерінің жедел із кесуі нәтижесінде, сипаттамаға сәйкес келетін екі күдіктіні ұстаған. Ал үшіншісі кейінірек өз үйінде тұтқындалды.
Оқи отырыңыз: Қостанайда коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды
20-24 жас аралығындағы үш күдікті де бұрын сотталған, Қостанай облысының тұрғындары.
Қазіргі кезде осы іске байланысты қылмыстық кодекстің 192-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
sputniknews.kz