Қостанайда полицейлердің жол апатынан 4 жасар бала қайтыс болды

0

Бүгін сағат 16:00 шамасында Қостанай-Рудный тас жолының 10-шақырымында қызметтік автокөлік пен ВАЗ 2115 маркалы автокөліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан 4 жасар бала қайтыс болды.

Қызметтік көліктің қатысуымен болған жазатайым оқиға бойынша полиция бөлімі қызметтік тексеруді бастады.

Қостанай-Рудный тас жолындағы апат фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі — жол жүру ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.